$ 447.4  477.55  4.76

Купальнигіңді шеш деді: 40-тан асқан еркек 14 жасар қызды саунаға апарған

Ресейдің Алапаевск қаласында шамамен 40 жастан асқан ер адамның 14 жасар жасөспіріммен жалаңаш түскен суреті дауға ұласты. Күдіктіні полиция қызметкерлері 20 маусымға дейін үйқамаққа алды деп хабарлайды Свердловск облыстық тергеу басқармасының баспасөз қызметі.

Желіге жүктелген 14 жасар қыздың өзінен әжептәуір жас айырмашылығы бар ерекепен саунада түскен суретінен кейін құқық қорғау органдары тексеріс жүргізе бастаған. Фотодағы қыз балалар үйінің тәрбиеленушісі болып шықты.

«Ол сурет осыдан 2 жыл бұрын түсірілген. Құрбымның туған күні еді. Саунаға апарды. Мен бассейнге түстім. Ал олар болса, бір бөлмеге кіріп кетті. Біраздан соң шығып, ана кісі маған «купальнигіңді шеш те жайып қой, құрғасын» деді. Мен іш киімімді киіп, сүлгі оранып шықтым. Сосын ол алдымнан шығып, сүлгіні шешіп, құшақтап алды. Ал құрбым болса, сол кезде екеумізді суретке түсіріп үлгерді», – деп еске алды қыз бала сол күнгі оқиғаны.

Жасөспірім қыз ер адамның өзін 28 жастағы жігітпен таныстырмақ болғанын да айтты. Ал құрбысына бір түн үшін 6-10 мың рубльге дейін ақша ұсынған екен.

Осы іске қатысты  жергілікті полицейлер балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінен жауап алып жатыр.  

Дереккөз: Life.ru

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары