$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентте асылып өлген мұғалімнің отбасында бұған дейін де суицид жағдайы болған

Шымкент мектебінде асылып қалған жас мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды және оқиғаға байланысты жаңа деректер шықты деп жазады Otyrar.kz. Марқұм болған педагогты туыстары 22 сәуір күні жерлеген. Қайғылы оқиға кешегі аптаның сенбісінде Асар шағынауданындағы №90-шы мектепте болған еді.

Информатика пәні мұғалімінің мәйіті кабинеттен табылған. Мектеп әкімшілігі, әріптестері марқұмды іскер әрі еңбеққор мұғалім болған деп еске алады. Сондай-ақ, мұғалімнің туыстары білім ұясына ешқандай арызымыз жоқ деп қолхат жазып берген. Осы жағдайға байланысты Қаратау аудандық ІІБ тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Әкімбек Тойшықбаев, марқұмның нағашы ағасы:

- Сол күні таңертең үйден жақсы көңіл-күймен шығып кетті. Түс қайта қайғылы жағдайды естідік. Өзіміз мектептен тікелей Мақтаралдағы ауылына жеткіздік .Мұнан алдын ешкіммен ұрыспаған. Әріптестерімен сөзге келмеген. Бұл отбасыдағы бір жыл ішіндегі екінші қайғылы жағдай. Мұнан алдын туған інісі үйінде өз-өзіне қол жұмсап марқұм болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары