$ 447.4  477.55  4.76

Пәтерде қызбен болған: Қостанайда жоғалып кеткен қоғам қайраткері табылды

Қостанайда жоғалып кеткен Арман Жолданов табылды деп жазады Наша газета.

«6-мамыр күні кешкі сағат 18:00-де іздеуді бастағанбыз. Шамамен жарты сағат өткенде Арманның қызымын деп бір бойжеткен хабарласып, онымен бұл уақытқа дейін жалдамалы пәтерде болғанын айтты. Туыстарының да бұдан хабары жоқ. Телефоны да өшірулі еді», – дейді волонтер Ирина Ячменова.

Жолдановтың аман-есен екенін ағасы да мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Арман Жолданов 2-мамырдан бері із-түссіз жоғалып кеткен. Оның ағасы 3-мамырда полицияға арыз түсірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары