$ 449.58  486.94  4.86

Қостанайда автобустағы жолаушылар жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)

Қостанайдағы №21 автобус жолаушылары қоғамдық көлік ішінде жаппай төбелес шығарды. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылардың бірі қалта ұрысын ұстап алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жолаушылардың төбелесін "Вконтакте" желісіндегі "Қостанай жаңалықтары" тобына жолдаған.

Ролик авторының жазуынша, көк күртеше киген ер адам жолаушылардың бірінің қалтасынан әмиянын суырып алмақ болған жерінен ұсталған. Нәтижесінде олар өзара жұдырықтаса жөнелген.

Автобустағы жолаушылар болған жайтты түсіріп алған. Автобустан түскен олар далаға шығып төбелесті қайта жалғастырған.

Ескерту! Видеороликте бейәдеп сөздер кездеседі!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары