14.05.2018, 10:30

ШҚО-да жаназаға келген жұрт суға ағып кете жаздады

Тарбағатай ауданында 25 адам тасыған өзеннің құрсауынан құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Тарбағатайдың Есім ауылына Қарғыба өзені арқылы ғана қатынайды. Жерлеу рәсіміне асыққан тұрғындар тасып жатқан өзеннен тіркемелі трактор арқылы өтпек болған. Бірақ, трактор су ортасында өшіп қалып, жолаушылар арғы жағаға жаяу шыққан. Ені 35 метр болатын өзеннің тереңдігі бір метрден астам болған.

«Есім ауылында бірнеше шаңырақ қана тұрады. Ауылдан өзге елді мекендерге қатынайтын жол жоқ. Сондықтан, жерлеу рәсіміне келген тұрғындар ауылдарына қайту үшін төтенше жағдай қызметіне жүгінді. Біз келгенде бәрінің киімдері су болды, бойларын суық ала бастаған.Дер кезінде жетіп, барлығын қауіпсіз жерге жеткіздік» - дейді Тарбағатай ауданының №59 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Бақытбек Нұрғалиев.

Өрт сөндірушілер жол талғамайтын арнайы техникамен 25 адамды Есім ауылынан 30 шақырымда жатқан елді мекенге жеткізген. Төтенше жағдай қызметкерлері бұл кезеңде тау өзендері ашуынан мінетінін, сондықтан, мейлінше сақ болу керектігін ескертеді.

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.