$ 445.66  474.58  4.78

Қыдырәлі мен Қарақат қыздарының 1 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (ФОТО, ВИДЕО)

Қыдырәлі мен Қарақат Астананың төрінде қыздары Аяланың 1 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Туған-туыстарынан бөлек өнер жұлдыздары шақыртылған қуанышты күнде ұлдары Айсұлтан да салт бойынша сүндетке отырғызылды.

Тойға Алматыдан ат терлетіп Мейрамбек Беспаев пен Ерке Есмахан да келіп жетті.

«Халық сүйіктілері Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағында дүбірлі той. Көп күттіріп, барша елдің тілегімен дүниеге келген аяулы періште қыз Аяланың тұсауы кесілді. Қазақтың барлық жақсылары мен жайсаңдары осында екен. Аяланың жолы ақ, әдемі ғұмыр иесі болсын. Сүндетке отырып, нағыз мұсылман болған Айсұлтан еліне елеулі, xалқына қалаулы азамат болсын! Барша бала бақытты болсын! Барша қазақ отбасында той болсын!», – деп жазды Ерке Есмахан өзінің желідегі парақшасына.

Өнер жұлдыздары әдеттегідей тойдың қызық сәттерін желідегі парақшаларына жүктеп әлек. Солардың бірі арқан тартыс. Мейрамбек Беспаевтың бөліскен бұл видеосында Тұрсынбек Қабатов бастаған топ күш қуаты сарқылғанша арқан тартып, Жанболаттың жігіттерін жеңіп кетеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары