$ 443.85  474.3  4.8

6 жасында қос қолынан айрылып қалған жігіт баспаналы болды (ВИДЕО)

«Өнер қырандары» театрының бастамасымен «Харекет» қайырымдылық қоры осымен 9-рет мұқтаж жанға баспана кілтін сыйлады. Алматы қаласында өткен «Берекелі мереке-4» атты кеште олар қос қолынан айрылған ер азаматтың отбасына пәтер табыстады. Қуанышты хабарды жақында ғана кіші қажылық сапарына барып келген Төреғали Төреәлі өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.

«Сүйінші, 9-үйді иесіне тапсырдық. Қадірлі ағайын! Алла Тағаланың қалауымен Тараз қаласынан алынған бұл баспана Мағжан Асылбекұлына бұйырды. Оқыс оқиға салдарынан 6 жасында қос қолынан айырылған бауырымыз бұл күнде отбасылы, бір қызы бар.

Үй кілті «Өнер қырандары» театрының Алматы қаласындағы «Берекелі мереке – 4» атты рухани кешінде тапсырылды. Игілікті іске үлес қосқан барша ағайынға алғысымыз шексіз. Алла разы болсын!» – деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары