$ 449.58  486.94  4.86

Анам білмейді: 37 жастағы келіншек туған ағасынан зорланғанын айтты

37 жастағы келіншек осыдан бірнеше жыл бұрын туған ағасынан зорлық көргенін айтты. Отбасы тыныштығын бұзбау үшін ол бұл жағдайды анасына да білдірмеген болып шықты.

«Ол кезде мен жас едім, айтуға қатты қорықтым. Айтар болсам, анам ағамды өлтіретін еді. Отбасымның тыныштығын бұзғым келмеді.

Психологтың көмегі болмағанда, мен қазір отбасын құрып, балалы болмас едім. Мен осындай жағдайға түскенімді жақында ғана құрбыма айттым. Ата-анам, туыстарым бұл жаман ақпараттан хабарсыз», – деді кейіпкер 7 арнадан шығатын «Өз ойым бағдарламасында.

Студия қонақтарының дені келіншектің кезінде қателік жасағанын, болған жайтты анасына айту керегін түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары