$ 448.15  483.46  4.86

Гей, жын, ұры: Қазақстанда ұятсыз автокөлік нөмірлеріне тыйым салынды

Гей, Жын, Ұры, Жұт. Автокөліктердің нөміріне қосылған төрт әріп қоғамдық талқыға түсіп, тұрғындардың айтпақ түгілі оқуына ұят жаңа сөздердің тууына себепші болды. Осыған байланысты сұранысқа ие нөмірлердің көлемі де ұлғайыпты. Бейәдеп сөздері бар көліктердің көшеде көзге түспеуі үшін қандай жұмыстар жасалып жатыр деп мәлімдейді Еуразия бірінші арнасы.

“Өзіңіз оқып қарасаңыз, баламен көлікте келе жатасың. Осындай әріп жазылып тұрса, сол дұрыс па енді? Жаман сөз шығып тұрса. Әрине, оның барлығын алып тастау керек” – дейді тұрғындардың бірі.

“Қадағалау деген сияқты болу керек қой. Ол біздің мәдениетке келмейтін сөздер. Солай деп ойлаймын мен!”.

Әлеуметтік желіге көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің бұл нұсқалары жариялана салысымен қоғам дүр сілкінді. Жұрт мұндай масқараға жол бермеу керек деп атой салуда. Жасыратыны жоқ, кей азаматтардың мұндай нөмірлерге тапсырыс бермек болған фактілер де анықталды.

«Ғылыми тұрғыдан сараптама жасалды. Оның дыбысталуы мен дыбыс үндестігіне байланысты шешім шығарылды. Яғни, ол бүгінгі таңда автокөлік нөмірлеріне қолдануға болмайды деген шешім бар» – дейді Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді үйлестіру орталығының редакторы Қойшыбай Есентаев.

Әкімшілік полиция мұндай нөмірлерді халықаралық стандартқа сай нормаға негізделе отырып айналымнан алып тастаған. Ал жаңа әріптердің қосылуының өзіндік себептері бар дейді мамандар.

«Жаңа әріптердің қосылуының бір себеп – көлік санының артуына байланысты десек болады. Сондай-ақ, автокөліктердің иесі ауысқанда жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі. Яғни, нөмірлердің берілу сериясы бітіп қалмасы үшін осындай шешім қабылданып отыр» – дейді Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Юрий Козлов.

Тіл мамандары латын әліпбиі толық қолданысқа енгізілген уақытта көліктің мемлекеттік тіркеу нөміріне қосымша тағы әріптер қосылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Жалпы, жаңа емле ережелері енгізілмей түрлі эксперименттерді жасау тым ерте дейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары