$ 448.15  483.46  4.86

Үйлену тойларында «Жар-Жар» емес, мадридтік «Реал» футбол клубының әнұраны шырқалды (ВИДЕО)

Үйлену тойларында «Жар-Жар» емес, мадридтік «Реал» футбол клубының әнұраны шырқалды (ВИДЕО)

Үйлену тойларында әдеттегідей «Жар-Жар» әнін емес, мадридтік «Реал» футбол клубының әнұранын шырқатқан жас жұбайлар әлеуметтік желіні шулатты. Олар әнұранды шырқап қана қоймай, аталған команданың туын ортаға алып шыққан. Той қонақтары бұл сәтті видеокамераға түсіріп, бейнекадрларды әлеуметтік желілер арқылы таратуда.

Тойдың нақты қай өңірде болғаны белгісіз. Белгілісі, күйеу жігіттің мадридтік «Реал» футбол клубының жанкүйері екен. Ол спорттық команданың әнұранымен төрге дейін барып, кейін қалыңдығымен бірге сол әнұранды бірге шырқайды. Ал, олардың артында тұрған үлкен телеэкранға «Реал» жұлдыздары туралы түсірілген бейнеролик қойылған.
Бұл жайтты әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі бағалап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары