$ 449.58  486.94  4.86

«Дағыстандықтардан ақша алған»: Мәскеуде көз жұмған студенттің анасы қызының өліміне қатысты қауесеттерге жауап берді

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап қайтыс болған студенттің анасы Жанна Ахметова осы іске қатысты дүрлігіп жатқан елге жауап берді. Ол алдағы уақытта қылмыстық іс жайлы бүге-шүгесіне дейін бәрін баяндауға уәде берді.

«Барлығы мені сұрақтың астына алып жатқан соң түсіндіруіме тура келіп тұр. Жұрт қазір мені дағыстандықтардан ақша алған деген сияқты әңгіме таратып жатыр. Доғарыңыздар! Сіздерге айтарым, бұндай қасіретті бастарыңызға бермесін. Қызымнан айрылып, дел-сал боп жүрмін. Өмірім түбегейлі өзгеріп кетті.

Қылмыстық іс жайлы бәрін алдағы уақытта БАҚ-қа арнайы баяндап беретін боламын», – деп жазды ол Instagram-парақшасында.  

Еске сала кетейік, ММХҚИ университетінің студенті, қазақстандық Томирис Байсафа 13 сәуір күні оқу орнының 4-қабатынан құлап кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары