$ 448.15  483.46  4.86

Алматылық әйел 12 жасында 36 жастағы еркекпен төсектес болғанын айтып берді

24 жастағы Майра бірнеше жыл бұрын өзінен үлкен еркекпен жақын қарым-қатынаста болған. Ол кезде жасы небәрі 12-де екен. Бұл сыры жайында ол NewTimes.kz порталына әңгімелеп берді.

Айтуынша, мектепте орташа оқыпты. Ата-анасы жақсы табыс тапқанымен, үйде еш береке болмаған. Күнде ұрыс-керістен көз ашпапты. Сөйтіп жүргенде 11 жасында өзінен үлкен еркекпен танысып, көңіл жарастырған.

«Біз үйдің ауласында таныстық. Ол көрші тұрады екен. Әруақытта сәлемі түзу, әдемі киініп жүретін. Мен өз жасымнан үлкен көрінетінмін. Сол кезден-ақ маған жігіттер сөз айтатын», – дейді Майра.

Сөзіне қарағанда, Дәуреннің жасы 36-да болған. Басында Майрада ешқандай жаман ой болмапты. Айтуынша, әкесінен көрмеген жылулықты осы үлкен ер азаматтан сезінген.

«Біз 8 ай кездестік. Мен оған барлық проблемаларымды айтатынмын. Ал әке-шешем болса, менің ештеңе сұрамайтыныма қуанып жүре берді. Ол адам маған әке, аға, ана да бола білді. Бірақ өмірімде алғашқы еркегім ол болғанына өкінбеймін. Біз қалайша сезімге беріліп кеткенімізді білмей қалдық. Басында жыныстық қатынасқа түскенде ауырды, бірақ кейіннен өзімді бақытты сезіндім», - дейді өткен ісіне өкінбеген Майра.

Өрімдей қыз бен апталдай ер азаматтың қарым-қатынасы осылай жарты жылға дейін жалғасқан. Бірақ, Дәурен екеуінің махаббаты ұзаққа бармайтынын біліпті. Ақыры соңында айрылысуға тура келген. Кейіннен ер азамат көшіп кеткен. Ал Майра оны қатты сүйгенін айтады.Тіптен әлі күнге дейін ұмыта алмапты. Қазір жасы 50-ге келер еді дейді.

«Мен көп жыладым. Қазір өмірім жаман емес, әрине. Бірақ сол күндерім үшін ұяламын. Егер өз сіңлілерім де жасы үлкен еркекпен кездессе, ондай махаббатқа жол бермейтін едім. Менің әке-шешем маған көп көңіл бөлмеді. Сондықтан, да мен сырттан жылулық іздедім. Сол үшін, ата-аналар балаларыңызға көңіл бөліңіздерші», - дейді Майра.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары