22.05.2018, 17:56

Астана әуежайында жолаушылар ұшу-қону жолағынан шығып кетті (ВИДЕО)

Sputniknews.kz

Астана халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті деп жазады Sputniknews.kz.

"Бүгін Астана қаласының әуежайында Шымкент — Астана КС352 рейсін орындаушы Air Astana әуекомпаниясының Эйрбас-320 ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті. Қозғалтқышы бұзылған. Аэродром 13:30 – 14.10 аралығында жабылды", — делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Ұшақты тұраққа сүйреп апарды. Қазір елордалық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Компания хабарлағандай, 88 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ. Қазір әуекомпания оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.