22.05.2018, 22:52

Атырауда 2 баланың лифт шахтасына құлап өлуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда жеделсатының шахтасында болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әзірге тергеу тек дерек бойынша жүргізілуде деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Тәртіп сақшылары істің алдағы уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтады. Ал жергілікті шенеуніктер әдеттегідей адам өлімінен соң ғана әрекет етуге кірісті. Олар шұғыл түрде тұрғын үйлердегі лифтілердің қаншалықты қауіпсіз екенін тексермек. Атқамінерлер енді сонау Алматыда отырып, атыраулықтарға қызмет көрсетумен айналысқан «Каспий Лифт» компаниясы басшыларын шақыртып, шаңын қағамыз деп отыр.

Оқиға кеше кешке болған. Жұмыс істемейтін жүк тасығыш лифтіні ашып көрмек болған екі жасөспірім 15-ші қабаттан төменге құлап кеткен. Мұнда қайғылы оқиғадан кейін де қауіпсіздік шаралары жасалмаған. Тұрғындарға әлі де қауіп төніп тұрған жайы бар, өйткені лифтінің есігі жартылай ашық тұр.Болған оқиғадан кейін әлі де ес жия алмай жүрген тұрғындардың айтуынша, 15 жастағы қос жасөспірімнің бірі осы үйде тұратын тумаларына қонаққа келген.

Балалардың бірі оқиға болған жерде жан тапсырса, екіншісі арада бір сағат өткенде аурухананың жансақтау бөлімінде үзілген. Дәрігерлердің айтуынша, екеуі де бастан қатты соққы алған, омыртқа, мойындары сыныпты. 

Осыдан бір ай бұрын Ақтөбеде болған қайғылы оқиғадан атыраулық әкім-қаралар әлі де сабақ алмапты. Өйткені осы уақытқа дейін алаңсыз отырған олар енді жеделсатыларды шұғыл түрде тексерістен өткізбекші. Ал бүгінгі тиіп-қашып таратқан ақпараттарына қарағанда, түндегі жағдайға тұрғындардың өздері кінәлі сияқты.

Талғар Хабибуллин, Атырау қалалық әкімдігінің бөлім басшысы:

- Бұл үй пайдалануға берілгеннен кейін жалпы тұрғындардың өздерінің жеке иелігіне берілді ғой, үй иелікке берілгеннен кейін соның ішінде лифт те тұрғындардың жеке иелігіне беріледі. Ал тұрғындар әрбірі өз тарапынан «Каспий Лифт» мекемесімен келісім-шартқа отырған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.