$ 446.49  475.38  4.79

Бибігүл Төлегенова Қарақаттың қызына батасын берді

Жақында ғана Қыдырәлі мен Қарақат қыздарының тұсауын кесіп, ұлан-асыр той өткізген болатын. Аялаға қос әншінің өнердегі апалары Бибігүл Төлегенова ақ батасын беріп, арнайы құттықтап кетті.

«Өнердегі анамыз, Бибігүл апамызды көріп қуанып қалдым. Қызыма батасын жаудырып жатыр. Алла разы болсын! Асыл анамыз 100 жасасын!» – деп Instagram-парақшасына жазба қалдырған әнші Төлегеновамен түскен суретін жариялады.

Желі қолданушылары болса, Аяланың Бибігүл Төлегенова апасындай елге сыйлы азамат боп өсетініне тілеулес екендерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары