$ 446.49  475.38  4.79

Танымал әншіге анасы: «Негрге» тисең де, ти (ВИДЕО)

Жасы 30-дан асса да әлі өмірлік жарын кездестіре қоймаған танымал әнші Гүлхан Сіргебаева өзіне 7 жас кіші жігіттің сөз салып жүргенін айтты. Ал анасы болса, «негрге» тисең де, тиші» деп қысқа қайырыпты. Бұл туралы әнші 7 арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында айтып берді.

Сіргебаева өзіне «отырып қалған қыз» десе де намыстанбайды екен. Бұл сөзге әнші әбден үйреніп қалыпты.

 «Маған өзімнен 7 жас кіші жігіт сөз айтып жүр. Анам қандай деп сұрады. Пысық екенін айттым. Жағдайлары жақсы. Үйленбеген, ажыраспаған. Өзім де тұрмысқа шықпағанмын.

Мен өзі ағамның балаларын айналып, толғанып отырамын үнемі. Содан анам айтты: «Бауыржанның балалары саған бала болмайды. «Негрге» тисең де, тиші, айналайын» деді», – деп әнші студиядағыларды ду күлдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары