$ 449.58  486.94  4.86

Kadex-2018: Астанадағы көрмеде үсітіне жарнама стенді құлап кеткен ер адам ауруханада көз жұмды

Астанада өтіп жатқан KADEХ-2018 халықаралық көрмесінде үстіне жарнама стенді құлап кеткен ер адам ауруханада көз жұмды деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Көрмеде қатты желден жарнама жазылған стенд үстіне құлап, ер адам ауыр жарақат алған еді.

Министрліктің баспасөз қызметі зардап шегушіге медициналық қызметтің дер кезінде жасалғанын айтып отыр.

«Ер азамат ауруханаға алып кетер алдында есін білген. Медициналық мекемеге келе сала оның денсаулығы нашарлап кетті. Дәрігерлер қолдан келгенін істегенімен, оның өмірін аман алып қала алмады. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі», – дейді министрліктегілер.

Дәл қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарулану және әскери-техникалық мүлік KADEX-2018 халықаралық көрмесі 23-26 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары