$ 443.85  474.3  4.8

«Харекет» қоры 10-баспананы қызылордалық 7 балалы отбасыға табыстады (ВИДЕО)

«Харекет» қайырымдылық қоры осымен 10-үйді 7 балалы отбасына табыстады.

Бұл баспана Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің тұрғыны, 7 баланың анасы Индира Құдайбергенқызына бұйырды!

 «Осындай қайырымдылық жасайтын адамдардың бар болғанына рахмет айтамын. Үйлі боламыз деп ойлаған жоқпыз. Алла рамазан айында осындай шаңырақ нәсіп етті. Қуаныштымыз. Істеріңе сәттілік, береке тілеймін. Біз сияқты жандар азая берсін сіздердің арқаларыңызда», – деп Индира Құдайбергенқызы көзіне жас алды.

Қайырымдылық шараға Шиелі ауданы əкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, аудандық "Оқшы ата" мешітінің бас имамы Рахат Төреханұлы және Қызылорда облыстық телеарнасының директоры Жағыпбар Қарабалаға да атсалысыпты.   

Айта кетейік, «Харекет» қайырымдылық қоры осыдан 10 күн бұрын 9-пәтерді Алматы қаласында өткен «Берекелі мереке-4» атты кеште қос қолынан айрылған ер азаматтың отбасына табыстаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары