$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда көлік жүргізушісі ауру баланы апара жатқан жедел жәрдемге жол бермей қойды (ВИДЕО)

Алматыда Nexia көлік жүргізушісі жедел жәрдемге жол бермей қойды. Осы сәтті телефон камерасына түсіріп алған Элени Хондолиди видеоны өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

Айтуынша, ол немересін жедел жәрдеммен ауруханаға алып бара жатқан екен. Бірақ, олардың жолын Nexia көлігі бөгеген.
«Бүгін жедел жәрдеммен немеремді балалар жұқпалы аурулар ауруханасына апара жатыр едік. Ақ түсті, мемлекеттік номеры А694РВU деген Nexia автокөлігінің жүргізушісі жолға таласып, шу шығарды», - деп жазады әйел.

Видеода жедел жәрдемдегі адам мен көлік жүргізушісінің бір-бірімен сөзге келіп қалғанын байқауға болады. Дәрігер жүргізушіге жолда екі ғана жолақтың бар екенін айтып, оның жүріп келе жатқаны дұрыс еместігін көрсетеді. Бірақ түсіне қоймаған жүргізуші оған балағат сөздермен ұрыса жөнеледі. Тіптен ауру балаға қарамастан, жедел жәрдемді тоқтатпақшы да болған.

Бұл видео қазір полиция қызметкерлерінің қолына тиді. Олар заң бойынша жаза қолданатындарын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары