$ 444.32  473.33  4.76

Гүлжан Ерғалиева қазақтарды не үшін мазақтағанын ашып түсіндірді

Қазақтың көрнекті ақыны Хамит Ерғалидің қызы Гүлжан Ерғалиева жақында ғана өз ұлтын жек көрінішті көрсетіп, таксист боп нәпақа дауып жүргендерді жерден ап жерге салған. Кейін жазбасын өшіріп тастаған ол қазақты масқара етіп көрсетуінің бірнеше «себебін» айтты.

«Мен жақында жазба жазып, кейін өшіріп тастадым. Біреулер оның скрин-көшірмесін салып, мені қазаққа қарсы айдап салды. Осы жағдай біздің жұртшылықты бірталай жағынан танытты.

Бірінші. Жазбаны жойған себебім. Пікір жазған адамдардың ішінде қазақ ұлтшылдары жиналып, басқа адамдарды ұлт жағынан кемсітті. Бұл заң бойынша қылмыс. Сонымен, сол адамдарды сотқа беруі мүмкін деп жойдым жазбаны.

Екінші. Мен тек болған нəрседен басқа ештене жазған жоқпын. Көріңдер, біліңдер, ұялыңдар деген сөзім. Неге банктегі қазақтарды жерге кіргізген түрік Оғыз Доғанға ұлтшылдар сонша қуанып, оны нағыз батыр деп, алақанына салып, ең биік жерге апарып отырғызды? Ал, басқа кемшілік туралы айтақандарды өзі қазақтардың ішінен жек көріп, «сатқын», «орысқұл» деп айыптайды?

Сонда қалай болады? Тəрбиесіз, үсті-басы қалай болса солай, жұмыс орны кір, сасық, антисанитарлық, айтқан ескертпені тыңдаймай жүрген таксисттерге көніп, үндемей отырамыз ба?

Банкте істеген қыз Доғаннан бүкіл елдің алдында кешірім сұрады. Ал, менің намысыма тиген жағдайға бір топ қазақ жек көре қарады.

Менінше біздің қазақ арамызда тілден басқа да мəселер бар, кемшіліктер көп. Асып тұр. Бір такси жүргізушісінің мəселесі емес, сондай мыңдаған көлік бүкіл қаланы қаптап кетті. Сіз де мен сияқты ескерту айтыңыз. Неге көлігі жөнделмеген? Ертен біреуімізді балаларымен апатқа алып келсе, жуылмаған, кір ішінде қанша микробтармен ауру жұқтырса, тазаланбаған моторлары қанша у газдарды ауаға жібереді... Ескі көліктер Алматының экологиясын қылғындырып жатқанда, ойбай, қазақтарды жұмыссыз қалдырмайық деп өтірік айқаламайық.

Ақшаңды берсең де жолдан басқа кісілерді алып рұқсат сұрамайды. Сондай əдет ешқандай елде жоқ. Айтсаң, өзіңе шабады.

Сонымен... Жаман көліктің иесі қазақ болса, менің құқымды бұзса, қазақ мектебінде мұғалімдер баланы кластың көзінше басынан ұрса, басқа да жас қазақтар көшеде жерге түкіріп тұрса, балалар көзінше балағат сөздерді айтса, үлкен кісілерді сыйламаса, əйелдер базар ішінде бір-бірімен ұрсып тұрса мен үндемей тұра алмаймын. Бұл менің азаматтық парызым деп ойлаймын. Бұл менің өз позициям. Шындық арқылы еліміз өркендейді деп сенемін.

Ал сіз ше, қалай ойлайсыз?», – деді Ерғалиева.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары