$ 448.15  483.46  4.86

Өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мерекеге күйеуі тосын-сый жасады (ВИДЕО)

Осы айда өзінен 6 жас жігітке тұрмысқа шыққан КТА ойыншысы Мерекені жұрт жабыла сөккен еді. Десе де олар махаббаттарының шынайы екенін күн өткен сайын халыққа дәлелдеуге тырысып жатыр. Соның бір дәлелі Арсеннің жарына деген тосын-сыйы.

Сырттан үйге кіріп келген Мерекені арнайы қораппен Арсен күтіп алады. Сөйтіп сыйлық ішінен жүрекше шарлар мен екі жастың суреттері шығады. Бұны көріп жүзі бал-бұл жайнаған Мерекенің күлкісі жұбайына да қуаныш сыйлайды.

«Сонша сенбей тұр ғой. Осылай арасында сыйлық беріп тұрғанның айыбы жоқ шығар, ағайын. Мен романтик емеспін, сүйемін бірақ», – деп жазды Арсеннің өзі желідегі парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары