$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда мектеп бітіруші түлектер төбелесті (ВИДЕО)

Алматы облысындағы мектептердің бірінің түлектері Алматыдағы Президент саябағында төбелес шығарды деп жазады Tengrinews.kz. Куәгерлер болған жайтты бейнекамераға түсіріп, видеоны Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген.

Алматы ІІД мамандарының айтуынша, жанжал сол жерде шешілді.

"Төбелестің Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінің сыныптастары арасында болғаны анықталды. Жанжал мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің және сол маңда қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген ювеналдық полиция қызметкерлерінің көмегімен сол жерде шешілді. Жасөспірімдер бір-біріне тағар айыптарының жоқ екенін айтты. Оқушыларды қарап жүру бойынша мұғалімдермен де жұмыстар атқарылды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, кеше 2 мыңнан аса полицей мектептердің маңында жүріп, кешке саябақтар мен гүл бақтарда кезекшілік атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары