$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда сарбаздар әскери ант қабылдады (ФОТО)

Алматыда 0111 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне келген жас сарбаздар әскери ант қабылдады.

Әскери антты салтанатты түрде қабылдауға  Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері,  сарбаздардың ата-аналары мен жақындары шақырылған.

Қазақстанда осы жылғы наурыз айында басталған әскерге шақыру науқаны кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктеріндегі мерзімді әскери қызметке іріктеу жүргізді. ҚР МКҚ қатарына 285 адамды іріктеп алынған.

– Құрметті  жауынгерлер! Отанды  қорғау әр азаматтың қасиетті  борышы әрі міндеті. Армия біздің мемлекетіміздің қалқаны. Оны ұстап тұру біз үшін борыш  әрі үлкен мәртебе. Құрметті ата-аналар! Бүгін балаларыңыздың Отан алдындағы әскери ант қабылдауына куә  болдыңыздар! Ер-азаматтардың өмірінде есте қалатын және Отанын, елін, жерін қорғау үшін серт беретін тарихи күн. Баршаңыздыосы атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!Аспанамыз ашық, еліміз тыныш болсын! – деді Мемлекеттік  күзет қызметі бастығының орынбасары, Объектілерді қорғау қызметінің бастығы, генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев.

Шара барысында Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Амантай Усербаев қала әкімі Бауыржан  Байбектің атынан сарбаздарға сәттілік тіледі.

– Құрметті, жас сарбаздар! Бұл әскери дәстүр батыр халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі. Әрқашанда Отан алдындағы борышын адал атқарып, Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға ант берілді. Осы шарада қала әкімінің атынан, жергілікті әскери басқару органдары атынан сіздерді осы қасиетті күнмен құттықтаймын. Осы сарбаздар  бір жыл ішінде еліміздің қауіпсіздігін нығайтып, қолдарыңыздан келгенше Отанымызға қызмет етіңіздер! – деді Амантай Усербаев.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады. Мұқият кешенді тексеруден жетістікпен өткен әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік полктерінде қызмет атқарады.

Дәл осындай үлкен жауапкершілікпен  Отан алдындағы борышын өтеуге Сидней Олимпиадасының бокстан  чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың да ұлы аттанды. Ұлымен бірге, барша жас сарбаздарға ақ жол тілеуге спортшының өзі арнайы  келді.

– Жас  сарбаздар Отан  алдында ант берді. Мен ұлым үшін өте қуаныштымын! Неге десеңіз, ол  бір жыл бойы Отанды қорғау үшін, сіз бен біздің ұйқымыз тыныш болуы үшін  қызмет етуге аттанып бара жатыр. Жолдарың болсын! Отан қорғауда батыл болыңдар!  Шекараны қорғау нағыз еркектің қасиетті борышы. Сондықтан мықты болыңдар! Біз де сіздерді күтеміз!, -  деді боксшы Ермахан Ыбырайымов.

Айтак етейік, әскерге шақырылған Отан қорғаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Мысалы, жақсартылған казармалық үй-жай, жеке-тәрбие жұмыстары бөлмесі, тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі, монша-кір жуу кешені, сондай-ақ әскери бөлімнің демалу клубы бар. Ыңғайлы  және заманауи киіммен қамтамасыз етілген, құрмет қарауыл ротасына түскендерге киім мен аяқ киім жеке тігіледі. Жыл сайын әрбір әскери қызметшінің киім-кешегіне 150433 теңге жұмсалады. Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің азық-түлік паегінің құны 1259 теңгені құрайды. Күн сайын үш рет құнарлы тамақ ішеді.

Әскери ант қабылдағаннан кейін сарбаздар Астана мен Алматы қалаларындағы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері бойынша жөнелтіледі.Онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше міндеттерді атқаратын, Қазақстанға шетел мемлекеттері басшыларының ресми сапарлары барысында дәстүрлі рәсімдерді орындауға қатысатын, Мемлекеттік ту мен Елтаңбаның эталондарын күзететін болады.

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары