$ 447.4  477.55  4.76

Мөлдір Әуелбекова 600 мың теңгеге қолғап сатып алды (ВИДЕО)

Атырауда Әлемдік бокс сериясы, VIII маусымының жартылай финалдық кездесуі аяқталды. WSB жобасының үш дүркін чемпионы, “Astana Arlans” командасы Ұлыбританияның «BritishLionhearts» құрамасымен кездесті. Екі команда арасындағы кездесуді тамашалауға 3 мың көрермен келді деп жазады Stan.kz.

“Astana Arlans” командасында Сакен Бибосынов (52 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Бек Нұрмағамбет (81 кг), Қамшыбек Кункабаев (+91 кг).

Кездесу қорытындысы бойынша, “Astana Arlans” командасының боксшылары 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті.

Матч соңында қайырымдылық аукцион ұйымдастырылып, “Astana Arlans” спортшыларының қолғаптары сатылды. Аукционнан 7 миллион теңге ақша түсті. Боксшылардың бірінің қолғабын Ақтау тұрғыны 3 миллион 700 мың теңгеге сатып алды. Ал әнші Мөлдір Әуелбекова 600 мың теңгеге қолғап сатып алды.

Аукционнан түскен ақша аса ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары