$ 449.58  486.94  4.86

3 жасар қыздың ішінен теуіп, аяусыз ұрған әйел қазақ па, қырғыз ба?

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде әйел адам шамамен үш жастағы қызды аяусыз ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын. Қазақстандық БАҚ-та полицейлер видеодағы адамдарды іздеп жатқаны жайлы мәлімет тарады. Ролик Қырғызстанда да шу туғызып, көрші елдің ішкі істер министрлігі видеоның қайда түсірілгенін анықтауға кірісіпті деп жазады Sputniknews.kz.

Видеода әйел диванда жатқан баланың ішінен тепкілеп жатқаны анық көрінеді. Кейін ол қыздың қолын аяғымен қоса ұстап, қабырғаға ұрады, содан соң  еденге қойып, пышақ кезенген, алайда видеоға түсіріп тұрған ер адам оны тоқтатып қалған, әйел пышақты лақтырып жібереді.     

"ІІМ видеоны зерттеп, ол Қырғызстанда түсірілген-түсірілмегенін анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жазба Интернетте таяуда пайда болған", — деп түсініктеме берді Қырғызстан ІІМ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары