$ 448.15  483.46  4.86

5 миллион: Қабатовтың тойға шығатын гонорарын естіген жігіт есінен танып қалды (ВИДЕО)

Тұрсынбек Қабатовтың бір тойды жүргізіп беруге алатын ақысы — 5 миллион теңге. Әзілкешті тойына шақырғысы келген жігіт бұл бағаны естіп талып қала жаздаған.

Қабатовтың бұл ісін әріптестері де, той иелері де сынап тастады.

«Бұл 5 миллион деген баға, миға сыймайды. Түсінбедім?! Бұны жағдайы бар адамдар жасар. Ал қарапайым халық көргісі келеді ғой, оны. Соларға қарап кейінгі «жұлдызсымақтар да» бағасын көтеріп жібереді ғой», — деп ашынды Әділет Қайратұлы есімді жігіт.

Сондай-ақ, тележүргізуші Тахир Сұлтан Тұрсынбектің бұл ісін асыра сілтеуге балады.

«Тұрсынбек мырзаның ісі соған лайық болса, шықсын. Бірақ, 5 миллион теңгеге асаба жалдап, той жасау ысырапшылық деп ойлаймын», — деді тележүргізуші.

«Өзі  бес миллионға той жасаса, онда Тұрсынбекті шақырмасам қайтеді. Бояушы-бояушы десе сақалын бояп, ауылда бәрінің басынан өткенді мәнерлеп айтып беретіні үшін ала ма? Барсын ақшасы бар аға-көкелерінің тойын 10 миллионға бағаласын да басқарсын»деп пікір қалдырғандар да бар екен.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары