$ 448.15  483.46  4.86

Алматы облысында менингиттен көз жұмған 5 жасар баланың ағасы да аталған ауруды жұқтырды

Менингококк инфекциясын жұқтырып бес жастағы ұлы мен 19 жастағы болашақ келінінен айырылған Аида Ахметованың інісі ауырып жатыр. Бұл туралы әйел Тengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

Диагноздың расталғаны туралы таяуда белгілі болған. 5 жасар Димаштан менингококк инфекциясы табылғаннан кейін Ахметовтер отасының мүшелерінен анализ алынған. Биохимиялық тексеруге бес күн кетті.

Кеше анализдердің қорытындысын алдық. Барлығымыздың анализіміз таза, ал менің інімнің, Айжанның жігітінде диагноз расталды, ол менингококк инфекциясын жұқтырған. Қазір ол Алматыдағы ауруханада жатыр. Жағдайы дұрыс, ЖРВИ секілді, тамағы қызыл. Інім 2001 жылғы", - деді Аида Ахметова. 

Жігіттің ауруханаға түскені туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы растады. 

"2001 жылғы науқас ауруханаға түсті. Оның менингококк назофарингит жұқтыру қаупі бар. Біз үшін ең қауіптісі менингококцемия, алайда жігіттің диагнозы ондай емес. Ол ересектерге арналған инфекциялық ауруханада жатыр", - деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Эльвира Ибрагимова. 

Сонымен қатар, менингококктан қайтыс болған 27 жастағы өрт сөндіруші Олжас Сүлейменовтің бауыры да өз жағдайын бөлісті.

"Қазір ауруханадамын. Өзім келдім. Менің дене қызуым көтерілді", - деді Ерболат Сүлейменов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары