$ 498.34  519.72  4.85

Пәтер жағалаған алматылық көпбалалы ана «Алтын алқасын» сатпақшы (ВИДЕО)

Жеті баланың анасы Алима Жұбаева «Алтын алқа» мен «Күміс алқасын» пәтерге айырбастауға дайын. Өйткені ақшаға мұқтаж отбасына баспана керек.

Қазір Алима 8-баласына жүкті. Бірақ жақында отбасы панасыз қалуы мүмкін. Өйткені пәтер қожайыны екі ай ішінде үйді босатуларын сұраған.

Айтуынша, көпбалалы ана ретінде үйдің кезегіне 4 жыл бұрын тіркеліп қойған. Бірақ баспана алғанша отбасы 8 баламен далада қаңғырып қалудың аз алдында. Сол себептен, Алима «Алтын алқаларын» сатамын деп отыр.

«Мемлекет маған алтын алқа мен күміс алқаны көп балалы ана болуым үшін сыйға тартты. Бірақ сатуыма тура келіп отыр. Үйдің кезегіне 4 жыл бұрын тіркеліп қойған едім. Ол кезде 8000-шы орында болғанмын. Енді баспанамызды күтіп жүрміз», – дейді көпбалалы ана.

Бүгінде отбасы балаларға мемлекеттен ай сайын берілетін 16 779 теңге ғана жәрдемақы мен отағасының тірнектеп тапқан жүз мың теңге айлығына күнелтіп отыр.

Дереккөз: currenttime.tv

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары