13.06.2018, 12:37

«Балаларға айғайлап, алаңды басына көтереді»: Таразда баланы жұлқылаған тәрбиешінің әрекеті жұртты шошытты (ВИДЕО)

Тараз тұрғыны балабақша тәрбиешісінің кішкентай балаларға айғайлап, кейбірін жұлқылаған сәтін видеоға түсіріп алған. Аталған бейнежазба Instagram әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр.

Тәрбиеші деп отырғаны жас жігіт. Видеода оның кішкентай балаларға би үйретіп жатқаны көрінеді. Қимылды дұрыс қайталамаған екеуін ол жұлқылап, алаңды басына көтеріп айқайға басады.

«Менің қызым камераға түсіріп алыпты. Үйдің қасында 24-балақбақша бар. Сол жердегі тәрбиеші жігіт балаларға айғайлап, алаңды басына көтереді. Менің өзім де бірнеше рет естідім. Биге үйрете ма, онысын білмедім. Оның айғайлаған дауысынан ыңғайсызданып кетемін», – дейді аталған видеоны әлеуметтік желіге жүктеген қолданушы.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.