$ 446.49  475.38  4.79

Семейде мешіт өртенді

Семейде найзағай түскен мешіт өртенді Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.

Өрт кеше сағат 18:13 минутта Волгоградская көшесіндегі Төлеубек қажы мешітінде тіркелді. Имамдар бөлмесінен шыққан өрттен бөлмедегі жиһаз, жеке заттар мен тұрмыстық техника жанды.

Өрттің аумағы 10 шаршы метр. Тілсіз жау сағат 19:07-де толық ауыздықталды.

«Тексеру кезінде тілсіз жаудың шығуына қатысты 2 болжам қарастырылып отыр. Өрт найзағайдың кесірінен немесе электр құрылғыларының авариялық жағдайда жұмыс істеуінен болуы ықтимал. Қазір нақты себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары