$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте менингит жұқтырды деген ер адам өзіне келмей қайтыс болды

Шымкентте ер адам менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz. Бұл мәліметті Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин растады.

Айтуынша, қазіргі уақытта зертханалық тексеру жүріп жатыр. "Зертханалық тұрғыда әлі расталған жоқ", - деп хабарлады Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда менингококк инфекциясынан 2018 жылдың басынан бері 12 адам көз жұмған. Олардың алтауы Алматыда, үшеуі Алматы облысында, екеуі Оңтүстік Қазақстан облысында, тағы біреуі Қызылордада.

Еске сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов науқастардың жағдайын жеке бақылайтынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары