$ 448.89  477.93  4.76

«Маған бәрі күліп жатыр»: Садақа беріп мақтанған қазақ жігіті құрт сататын әжейді ренжітті (ВИДЕО)

Жалпы, исламда садақаны жұртқа жария етіп бермейді. «Бір қолың бергенді екінші қолың білмесін» деген өсиет сөз содан қалған. Алайда, қазір өзіне жұрттың назары жетіспей жүрген әнші-әртісің де, кәсіпкер мен шенеунігің де түймедей затты садақаға беріп, соны түйедей етіп көрсетуді әдетке айналдырып алған.

Мәселен, жуырда әлеуметтік желілерде қазақ жігітінің құрт сатып отырған әжеге келіп, қалтасындағы бар ақшасын ұстатып кеткені туралы видео қоғамда қызу талқыланды. Жігіт садақа бергенін мақтанышпен видеоға түсіргенімен қоймай, камера бар екенін қарт әйелге ескертпепті. Небәрі 4 мың теңгеден астам теңгені алған әжей қазір ренжіп, мақтаншақ Асқар есімді жігітке назын айтты.

Құрт сатқан апа ешқандай қайыршы емес, ол сауда жасап, өз күнін өзі көріп жүрген жандардың бірі. Алайда, өзін жомарт сезінген жігітке не түрткі болғаны белгісіз, ол қалтасындағы бар ақшасын әжейге ұстатып, құрттың бәрін мешітте жүргендерге таратып беруін сұрайды.

«Асқар балам, сенің берген садақаңа рахмет! Сол кезде 4200 теңгеңе қайыршыларға барып құрт таратамын деп өзіңе айтқан болатынмын. Ертесінде Береке ауылына барып, Рамазан айында сенің атыңнан сол кісілерге құрт таратып бердім. Бірақ сенің мені видеоға түсіріп алғаның дұрыс болмады. Бұдан кейін достарым, құда-жекжаттарым, бүкіл қала маған күліп жатыр. Осы қылығың дұрыс болмады», – дейді саудагер апа арнайы видеоүндеу әзірлеп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары