$ 449.3  489.69  4.89

«Балама енді тиіссеңдер, аямаймын»: Екібастұзда ұлының сөзін сөйлемек болған әйел кішкентай балаларды балағаттап тастады (ВИДЕО)

Әйел алаңда ойнап жүрген кішкентай балаларды былапыт сөздермен балағаттап тастады. «Ұлыма тиіспеңдер» деп алаңды басына көтере айғайлаған оны сондағылардың бірі телефон камерасына түсіріп алған.

Бұл оқиға Екібастұз қаласында болған. Әйел ойнап жүрген барлық баланың берекесін қашырады. Видеода оның он жас шамасындағы екі баланы алаңнан қуып жатқанын аңғаруға болады. Сондай-ақ, оларға былапыт сөздер айтып,  ендігіде ұлына жоламауларын ескертеді.

Ал екі бала болса, әйелден қорыққан болуы керек, қашып кетеді.  

Видео авторының айтуынша, әйел ұлының сөзін сөйлепті. Кімде-кім ұлын ренжітетін болса, барлығының үстінен арыз жазатынын айтып, сес көрсеткен.  

«Мына әйел балалар ойынайтын алаңды басына көтерді. Егер оның баласын кімде-кім ренжітер болса, соның үстінен арыз жазбақшы екен. Бірақ балалар ойын алаңында былапыт сөз сөйлеуге бола ма? Жазатын арызын үндемей-ақ жазсын», – деп жазады ашуға булыққан автор.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары