$ 443.85  474.3  4.8

«Алматы жақсы, бірақ Шымкент одан жақсырақ»: Америкалық келіншек шымкенттіктердің қонақжай екенін айтты (ВИДЕО)

Өзін Қазына деп таныстырған америкалық келіншек Алматы мен Шымкент тұрғындарын салыстырып, қай қаланың қолайлы екенін айтты. Қазақ тілін меңгеріп алған шетелдік әйел баласына да қазақша ат қойыпты.

Аталған видео әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Баласын аулада ойнатып жүрген америкалық әйел Шымкентте 2,5 жыл тұрғанын айтады. Қазір Алматыда тұратын көрінеді.

«Маған Шымкент жақсырақ, онда уақыт өте баяу өтеді, халқы қонақжай, арзаншылық, ең бастысы - пробка жоқ», - дейді АҚШ азаматы.

Сондай-ақ, ол шымкенттіктердің бәрі қазақша сөйлейтінін, тіпті ұлты орыстар да қазақшаға жақсы екенін айтады. Ал, Алматыда бәрі керісінше дейді.

«Алматы өте үлкен қала. Бәлкім сондықтан онда орысша сөйлеу керек шығар», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары