$ 449.58  486.94  4.86

Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіртті деп сотталған экс-саясаткер Ержан Өтембаев қайтыс болды

Бүгін Парламент Сенаты апаратының бұрыңғы басшысы Ержан ӨТЕМБАЕВ дүниеден өтті. Бұл туралы Талғат ҚАЛИЕВ өзінің Telegram каналында жазды деп хабарлайды Жас Алаш.

2006 жылы Ержан Өтембаев 20 жылға сотталған еді. Сот оны саясаткер Алтынбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ мен оның екі көмекшісін өлтіруге тапсырыс берді деп үкім шығарған-ды. Сол кезде Ержан Өтембаев президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕТАН кешірім сұрағаны болмаса, өзіне тағылған ауыр айыпқа қатысты сот процессі кезінде бір ауыз сөз айтпаған болатын.

2013 жылы Бас прокуратура саясаткерді өлтіру туралы тапсырысты орындаған Рустам ИБРАГИМОВТЫҢ нағыз тапсырыс берушіні атағанын жариялаған. Рустам Ибрагимовтың оппозициялық саясаткерді өлтіруге Рахат ӘЛИЕВ пен ҰҚК-нің бұрыңғы басшысы Әлнұр МҰСАЕВ тапсырыс берді деген мойындауы ақпарат кеңістігінде лезде тарап кеткен.

2014 жылы Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Өтембаевтың ісі қайта қаралып, артынша ол мерзімінен бұрын босап шыққан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары