$ 443.85  474.3  4.8

«Жүрегі жылу жандар 2,5 миллион теңге жинап берді»: Көпбалалы ана баспаналы болды

«Көп түкірсе, көл болар» демекші, жалғызбасты ана Самал Телеуоваға қазақстандықтар 2,5 миллион теңге ақша жинап берді. Ол Атырау облысындағы Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан жер үй сатып алды деп жазады «Мой город».

Жалғызбасты ана бір аптадан бері өз баспанасында тұрып жатыр. Енді ол 5 баласымен пәтер жағалап жүрмейтін болды. Келіншектің ауыр тағдыры қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Бұған дейін жүрегі жылу жандар Самал Телеуованың үйіне азық-түлік, 5 баласына киім-кешек жеткізіп берген болатын. Ал бұл жолы көпшіліктен 2,5 миллион теңге ақша жиналған.

«Мен туралы мақала барлық жерге шыққаннан бері жеке шотыма 2,5 миллион теңге қаржы жиналды. Бұл ақшамен қалада ешнәрсе істей алмайтын едім. Сол үшін туысқандарым тұратын Құрманғазы ауылынан үй сатып алдым. Жақындарыңның жанында болуы өзіме, әрі балаларға да қолайлы», – дейді жалғызбасты ана.

Еске салсақ, осыған дейін күйеуі 5 баласымен тастап кеткен 24 жастағы көпбалалы ана Самал Телеуова туралы мақала жарияланған болатын. Жалдамалы пәтерде қалған жалғызбасты ана балаларын өзі жалғыз асырап отырғанын айтып, көпшіліктен көмек сұраған еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары