$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбеде 91 жастағы тыл ардагерін немересі соққыға жыққан

25 маусым күні қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілген 91 жастағы әже бірнеше жерінен жарақат алған. Зейнеткердің қабырғасы сынып, миына зақым келіпті. Полицейлердің анықтағанындай, зейнеткерді өзімен бірге тұрған 42 жастағы немересі соққыға жыққан деп жазады aktobetimes.kz.

Күдікті полиция бөлімшесінде бұл жәйтқа өзінің кінәлі екенін айтыпты.

Айтуынша, 90-нан асқан зейнеткер үйден рұқсатсыз жиі шығып кетеді екен. Содан оны іздеп біраз әурешілікке салынатын көрінеді. Қазір енді тыл ардагерін үлкен ұлы өз үйіне алып кетіпті.

"Әжеміз 90-нан асып кетті. Ол кейде есін білмей қалады. Сондайда ешкімге айтпастан үйден шығып кетеді. Әйтпесе, оны ешкім ұрған емес. Жасы келіп қалған адам, байбалам салудың қажеті жоқ. Үйден шығып кетіп, көшеде жығылып қалған. Қазір оны ұлы, менің әкем, өз үйіне алып кетті. Әжеміз ай сайын 100 мың теңге зейнетақы алады. Өмірбойы жақсы өмір сүріп келген. Балалары және немерелері бар. Ол әрдайым дәрігерлердің бақылауында. Жақында ғана оны психоневрологиялық диспансері өз тізіміне алды" , - дейді әйел ақталып.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары