$ 449.58  486.94  4.86

Тағы да Абай ауылында: 22 жастағы жігітті ауылдастары зорлап тастаған

Түркістан облысы Абай ауылының тағы бір тұрғыны зорлық ісіне қатысты шағымын айтты. Ол өзін ауылдас жігіттердің зорлағанын мәлімдеп, көмек сұрады.

Есімін жасырған азамат 22 жаста. Ол ауылдас  жігіттердің өзін зорлағанын айтады. Алайда сотқа арызданғанымен іс жабылып қалады екен. Бұл туралы  Евразия арнасы хабарлайды.

Айтуынша, 6 жылдан бері өзінің зорланғанын дәлелдей алмай жүр. Емханаға тексерілгенде жыныстық қатынас арқылы ауру жұқтырғанын білген. Тексеру кезінде күдіктілерден де сол ауру табылған.

Жәбірленуші күдіктілердің лауазымды қызметте істейтін ағаларының арқасында сотта жауап бермей жүргенін айтады.

“Таныс азаматтар болған соң олардан еш күдіктенбей бірге дастарханда отырдық. Олар мені зорлап, видеоға түсіргендерін айтты. Тіпті біреуге айтсаң, ғаламторға жариялаймыз деп қорқытты. Олардың туыстары органда істейді, депутат ағасы да бар. Лауазымда қызмет ететін Сәкен есімді ағасын жұмыстан алды. Басқа жаза қолданған жоқ. Туыстары әкеме келіп айғайлап, мен тұрғанда оларды қамата алмайсыңдар деп қорқытты”, – дейді жәбірленуші жігіт.

Ал, заңгер Джохар Өтебаев бұл іске қатысты қандай да бір мәлімет айту ерте екенін айтады. Ал, күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары