$ 447.4  477.55  4.76

«Порно көретін...»: Қазақ қызы салафит күйеуінің абыройын төкті

Сұмдық-ай! Әлина есімді қазақ қызының тартпаған азабы жоқ екен. Салафитке тоқал болып тиген Әлина күйеуінің қорлығы мен тепкісінен қалай құтылғанын айтып беріпті.

Кедей өскен екен. Әкесінен ерте айырылған. Шешесі үйдегі төрт баланы жалғыз баққан. Ақшалары ас-суынан аспапты. Мектеп бітіре сала Әлина қалаға кетуге асыққан екен.

Бірақ, мұнда да оны керемет өмір күтіп тұрмағаны анық еді. Лас жатақханада тұрыпты. Тарақандар мен тышқандардың тықырынан түн ұйқысы төрт бөлінген кездер аз болмапты.

«Жақсы жігіт жолықса шіркін. Күйеуге тисем. Өмірге ұрпақ әкелсем» деп армандадым.

Сөйтіп жүргенде өзімнен 22 жас үлкен еркекті кезіктірдім.

Көмегін аямайтын. Қиналғанда талай рет қол ұшын созды. Әкесіз өстім емес пе, ол мен үшін әкенің орнын басты. Оған бауыр басып қалдым.

Сөйтіп жүргенде «менің екінші әйелім бол, қанаттыға қақтырмаймын, тұмсықтыға шоқтырмаймын» деп ұсыныс айтты. Қалай келісе салғанымды да білмеймін. Иә деппін…», – дейді Әлина.

Күйеуінің салафит екенін кейін білген. Ести сала оған тиюден бас тартыпты. Күйеуі ақшамен алдаған екен. Кетем деген тоқалын тоқтату үшін өз алдына жеке шығарып, пәтер жалдап беріпті.


«Амалым қайсы, ақшаны алдым. Үй жалдады. Жағдайымды жасады. Амалсыз көндім. Тоқал болуға көндім. Бірақ, бұдан кейінгі өмірім тозаққа айналды. Күйеуім құрбыларыммен, туған-туыстарыммен араласуға біржолата тыйым салды. Тіпті, менің оқуыма қарсы болды. Есесіне, жұмысқа салатын. Ұзын көйлек кигізіп, жүріп-тұруымды шектеп тастады» , – дейді Әлина.

Күйеуінің хиджаб киесінің деген талабын Әлина орындамай қойған. Бұған ызаланған күйеуі тоқалына ақша беруді сап тыйыпты.

«Күнделікті жүріп-тұруыма жетерлік ақшаны қиналып зорға беретінді шығарды. Ақша сұрасам, ақталғандай болып әзер алатынмын. Кедей-кепшік болса, бір жөн. Қалталы еркек. Бәйбішесінде бір көлік, өзінің үш көлігі бар еді. Бірінші әйелінен туған үш баласын алып жылына екі рет шетелге барып демалатын…», – дейді ол.

Дереккөз: 365info.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары