$ 449.3  489.69  4.89

Қытайға тиген қазақ қызы түрін көрсетті (ФОТО, ВИДЕО)

Соңғы кездері елімізде Қытайға қатысты синофобия күшейіп кетті. Осы орайда қытай жігітіне тұрмысқа шығып, Гуанчжоуда тұратын қазақ қызы күйеуі жайлы былайша баяндап берді.

 - Күйеуіңізбен қалай, қайда таныстыңыз?

 - Мен ол жігітпен Чехияда таныстым. Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте жұмыс істеп жүріп, Еуропаны аралау туралы ой келген болатын. Сол мақсатпен ең алдымен Чехияда бірнеше күн тұрдым. Жалғыз өзім болғандықтан, қонақ үйде жатуға қорқып, хостелге орналасқан болатынмын. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген мен сияқты туристер, жастар болды. Кейде бәріміз бірге шай ішіп, әңгімелесіп тұратынбыз. Арасында қазіргі күйеуім де жүрді. Үшінші күні ол музейге билет алып қойғанын айтып, мені бірге музей аралауға шақырды. Көрнекі жерлерін аралап болған соң, ресторанға тамақтануға бардық. Шетелде әркім өз есебін өзі төлейді ғой. Сондықтан өз есебімді төлейін деп жатсам, мен төлеймін деп джентельмендік танытты. Ертеңінде ол Германияға кетті. Германияның Драмштадт қаласында техникалық университетінде магистратурада оқиды екен. Кетерінде менің мекенжайымды алып қалған болатын.

Мені ұнатып, мен үшін Қазақстанға келетінін ойлаған жоқпын. Өйткені басында мен оған денсаулығымда ақау барын, өңешімнің жоқтығын айтқан болатынмын. Өз елімізде көңілін білдірген қазақ жігіттеріне өңешімнің жоқтығын айтсам, бірден ат тондарын ала қашады.

- Қай жақтың тумасысыз? Ата-анаңыз, туған-туыстарыңыз бұл тойға қарсы болған жоқ па?

- Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының тумасымын. Ауылдан шыққан, қора тазалап өскен қарапайым қазақтың қызымын. Әкем мен анама қолғабыс болайын деп, мал бағудан бастап, үйдің бар тірлігін жасайтынмын. Ауылда әкем мектеп директоры, анам мұғалім қызметін атқарды. Мүмкін денсаулығым әсер етті ме, мүмкін өз бақытымды тапқанымды сезді ме қарсы болған жоқ. Оның үстіне 9-сыныптан кейін Қызылорда қаласындағы колледжге оқуға түсіп, үшінші курста ата-анама салмақ салғым келмей сырттай бөлімге ауысып, жұмыс пен оқуды қатар алып жүрдім. Жұмыс істеп жүргеніммен оқуға құштар болдым. Өз бетімше ағылшын тілін үйреніп, жақсы меңгеріп алдым.

Дереккөз: Holanews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары