$ 449.3  489.69  4.89

«Жылжымалы бассейн»: Арыстықтар КамАЗдың тіркемесіне суға түсіп жүр (ВИДЕО)

Шілденің шіліңгір ыстығында салқын су астынан шықпай жата беруді армандамайтын адам жоқ шығар сірә. Осы орайда Арыстықтар бәрінен басып озды десе де болады. Олар өздеріне ыңғайлы етіп КамАЗдың тіркемесін бассейн қып алған. Видео whatsapp желісінде таралып жатыр.

Видеода ер адамдардың тіркемеге толған суда шомылып жатқаны анық көрінеді. Тіпті бір орында тоқтап тұрмайтын бассейнді басқалары «Жылжымалы бассейн» деп атап кеткен. Кез келген адам көшені аралап қалағанынша салқындай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары