$ 449.3  489.69  4.89

«Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?»: Белгілі журналист орамал таққан қазақ жігітін сөгіп тастады

Қазақ жігіттері ешбір заманда ас үйдің тірлігіне араласқан емес. Алайда, КТК телеарнасындағы «Кел, келінім» бағдарламасындағы қатысушы жігіттің бірі басына орамал тағып, қатын кейпіне енген. Сондағы қыз-қалашпен жарыса ас үйде бауырсақ пісірген ол, өзінің еркек екенін ұмыта жаздапты.

Мұны көзі шалып қалған белгілі журналист Арман Сқабылұлы әлгі «қатынға айналған» жігіттің іс-әрекетіне ашуланды. Айтуынша, қазақ еркектерінде атқа мінер нағыз ер азаматтар қалмай бара жатыр екен.

«Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?» деген Шахановтың өлең жолдарын сан мәрте қайталап, еркектің ез болмауына қатты мән беретін ұрпақ едік қой. Бүгін мен КТК-дан басына орамал тағып, ас үйде бауырсақ пісірген қазақтың жігітін көрдім. Шуылдаған қыздың ортасында қатын тірлігіне намыстанбай құйтыңдап жатты. Түсінгенім біреумен бәстесіп, басына орамал тағып, алжапқыш тағынуға ұтылып қалған. Болашақ келіндер (бағдарламаның аты-«Кел, келінім») әлгіні қуана қолдап жатыр. Ортаға тағы бір «қатынның» қосылғанын кім жек көрсін!», – деп жазды отандық журналист өзінің Facebook-парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары