$ 494.87  520.65  4.91

Арыс қаласында жүк көлігін «жылжымалы бассейн» қылған жүргізуші кешірім сұрады (ВИДЕО)

Арыс қаласындағы «Жылжымалы бассейн» жасағандардың кім екені анықталды. Жергілікті полицейлер жүк көлігі иесін тауып, оны әкімшілік жауапқа тартты.

Арыс қаласының тұрғыны көлік тіркемесіне бассейн жасаудың заңға қайшы екенін білмепті.

«Мен Абуғалиев Нұрлыбек Арыс қаласында тұрамын. 14 шілде күні «жылжымалы бассейн» істегенім үшін кешірім сұраймын», - дейді ол.

Жергілікті полицейлер көлік жүргізушісі Мақсұт Пернебаевті ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салды.

Айта кетейік, 14 шілде күні Арыс қаласындағы әл-Фараби көшесінде бірнеше ер адамның «Жылжымалы бассейнде» көше кезіп шомылып жүрген видеолары әлеуметтік желіге таралып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары