$ 448.89  477.93  4.76

Алматы студенттері 230 мың теңгеге тиіннің мүсінін жасады

Алматы облысында Атакенттегі алып тиіннің түпнұсқасы пайда болды. Оның авторы – қазақстандық студенттер.

Желіде тарап кеткен бұл тиін мүсінінің құны бар болғаны – 230 мың теңге. Оны студенттер Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жамбыл ауылында жасаған.

«Біз, Қазақстан Республикасының аграрлық сектордағы жас ғалымдары, Қазақ  ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен бірлесіп, бізге шөп бөлдірген агропрактің көмегімен осындай тиін орнаттық. Ертең, 18 шілдеде осында келуге шақырамыз»,- деп мәлімдеді олар.

Желі қолданушылары студенттердің еңбегін бағалап, қомақты ақша жұмсамай-ақ тиін мүсінін жасауға болатынын жазуда.

Айта кетсек, Алматыда Атакентке қойылған алып тиін мүсіні ел арасында қызу талқыға түскен еді. Өйткені, оны жасауға 23 миллион теңге жұмсалған. Қомақты қаражаттың 15 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен бөлініп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары