$ 449.58  486.94  4.86

Бақыт Сыздықова Қасымовқа қоңырау шалып, халықтың оған «орнын босатсын» деп жатқанын айтқан

Экс-депутат Бақыт Сыздықова Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа хабарласып, ел ішінде оның қызметіне деген көңіл толмаушылықты жеткізген. Министр өз кезегінде бұл мәселені шешу үшін ойланатынын айтыпты. Бұл туралы Сыздықова Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

«Достар, министр Қалмұханбет Қасымовқа қоңырау шалдым. Екеуміз ұзақ сөйлестік. Министр де халықпен бірге қайғылы жағдайда ұйықтай алмағанын айтты. Денисті өлтірген күдіктілер жайлы әңгімеледі. Олардың көлік жуатын жерде жұмыс жасағанын білесіздер. Олар бос уақытында сол көліктердің айнасын ұрлаумен айналысқан.

Министрге халықпен кездесіп, Қазақстандағы қылмыстық жағдайды талқылауын сұрадым. Әлеуметтік желілерде министрдің орнын босатуын талап етіп жатқандардың барын айттым. Әзірге жауап бермеді. Ойланатынын айтты. Күтемін», - деп жазды Сыздықова желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары