$ 445.66  474.58  4.78

Денис Теннің әніне арналған tribute-видео жарияланды (ВИДЕО)

Денис Теннің әніне арналған Gakku youtube-каналында tribute-видео жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Денистің музыка жазғаны көпшілік үшін жаңалық болады. Ол жарыққа шығармақшы болған әнге трибьют-видео жасадық. Үздіктердің үздігін жадымызда сақтаймыз. Denis Ten - She won’t be mine (Tribute MV)», - деп жазды композитор Эмиль Досов Twitter желісінде.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Бүгін, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары