$ 447.4  477.55  4.76

«Өзім туып өсірген ұлдан қайыр болмады»: Қарт ана келінінің кесапатынан қорқатынын айтты

Өмірде көреріңді көрмей, көрге түспейді екенсің. Өмірдің жарты белесінен асқан соң қадірің қалмай ма? Менің де ел қатарлы бір ұлым, үш қызым бар. Алғаны жақсы болмаса – ұл уайым. Барғаны жақсы болмаса – қыз уайым.

Қыздарымның қолына ұлым тіріде бара алмаймын. Қырық төрт жыл отасқан отағаcымның ұлынан көңілі қалған. Ұлым келіннен аса алмайды. Қалада тұрады. Айлап-жылдап ат ізін салмайды. Өзіміз барсақ, келін  жылан көргендей  жиырылады. Барғанда бір пиала шайын бермейді. Баламның үйіне біз сыймағанмен, қайын жұрты түгел сыйып отыр. Келінімнің əке-шешесі қыздарымен баламның тапқан таянғанын жеп, бізге қарсы қоюдан жалығар емес. Ұлымның санасын арбап, күн өткен сайын тасбауыр етіп барады.

Бізден  қайын жұрты жақын. Құдағи не айтса да бас шұлғып отырады. Біз бірдеңе айтсақ, құлағына ілмейді немесе естімеген адамша отыра береді. Бұдан кейін келінге несіне өкпелейміз? Өзім туып өсірген ұлдан қайыр болмағанда, мың айтқанмен жаттың құрсағында жатқан не істемейді дейсің?!

Солардың дегені болсын деп, жалғыз ұл болса да бөлек шығарып қойдық. Қазақ шаңыраққа ие болып қалады деп ұл туса қуанушы еді. Қара шаңырақтың біз өлген күні есігі ашылмай, сол күйі қалатын сияқты. Тәрбиенің қай жерінде қателестік?

Зерде апа

Дереккөз: el24kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары