$ 447.4  477.55  4.76

25 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін Алматыда 100 астам іс-шара өтеді

Қала күнін мерекелеу аясында тамыздан қыркүйекке дейінгі аралықта 100 астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр, соның ішінде 50-і мәдени-көпшілік іс-шара. Оңтүстік астанаға шығармашылық ұжымдар мен суретшілер Франциядан, Словениядан, Жапониядан, Италиядан, Германиядан, Ресейден, Беларусьтан келеді.

Республика өңірлерінен және шетел мемлекеттерінен келген қонақтарға, сонымен қатар қала тұрғындарына классикалық, ұлттық және заманауи музыканы орындайтын артистердің бағдарламалары, тағам мен монументалды-сәулет өнерінің  фестивальдары, көрмелер, перфоманстар, театрландырылған көріністер, сатирикалық шоулар т.б.  дайындалды. 

Сонымен қатар бағдарлама аясында «Көк-Төбе опера - 2018» классикалық музыка фестивалі,  «ARТBAT fest» заманауи өнердің халықаралық фестивалі, «Оркестрлер шеруі» ашық аспан астындағы оркестр музыкасының фестивалі, «KITAP FEST» кітап фестивалі, «Family Festival» отбасы күні, «Almaty garden show» бау-бақша халықаралық фестивалі, «GAKKU дауысы» қазақстандық музыка фестивалі, «ALMA Fest» дәстүрлі қалалық алма фестивалі, Muzzone Dance Party, «Mural» монументалды-декоративтік өнердің халықаралық фестивалі, мото фристайл «Red bull FMX JAMS», «Almaty Film Festival», «Junior Eurovision» жобасы, Алатау ауданының 10-жылдығын мерекелеу,  «Almaty Fest Big City Picnic», кілем бұйымдарының жәрмеңке-көрмесі, «Камерата Казахстана» Мемлекеттік оркестрінің концерті т.б.іс-шаралар жоспарланып отыр.

Ай бойы күнделікті қаланың бес негізгі алаңында түрлі бағдарламалар өтіп тұрады:  «Астана» алаңында, «Абай» алаңында және Almaty Arena алаңында, ҚР Тұңғыш Президенті паркінде, Панфилов пен Жібек жолы көшелерінде.

Заманауи музыканы ұнатушылар үшін танымал ди-джейлердің, хип-хоп пен РОР-индустрияның, электронды музыка өкілдерінің қатысуымен халықаралық музыкалық жүлделер мен фестивальдар, сонымен қатар отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.

Классикалық және халық музыкасына табынушыларға арнайы Алматыда Қазақ Мемлекеттік академиялық Абай атындағы Опера және балет театрының симфониялық оркестрінің өнері ұсынылады, табынушылар итальяндық тенор Винченцо Констанцаның дауысын тыңдай алады. Қазақ Мемлекеттік академиялық Құрманғазы ат. халық аспаптар оркестрінің, академиялық Н.Тлендиев ат. «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің, «Сазген сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің, Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің, ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің т.б.  орындауында түрлі туындыларды тыңдап, тамашалай алады. Ал әзіл-сықақты ұнатушылар «Однажды в России» сатирикалық шоуының әртістерінің өнерін көріп, рахаттанады.  Іс-шаралардың толық тізімі Алматы қаласы әкімінің сайтында жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары