$ 448.15  483.46  4.86

«Орындалған арман»: алматылық бойжеткен халықтың көмегімен аяғына 70 мың еуроға протез салдырды

Алматыда соңғы үлгідегі неміс протезін алуға аттанған Надира Аухадиева елге екі аяғымен оралды. Қатерлі ісікке шалдыққан бойжеткен бір аяғын кестіруге мәжбүр болған. Аты жаман ауруды жеңген қыз одан кейін 70 мың еуро тұратын электронды протезге ақша жинай бастаған еді.

Мейірімді жандар оның есепшотына 51 мың еуро аударған. Ол маусымның 4-і күні Германияға «Силек-4» деп аталатын өнімді сатып алуға аттанды. Неміс протезистері бірнеше рет сынама протез жасаған. Осылайша Надира екі аяқпен елге оралды. 

Надира Аухадиева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Екі жыл бойы мен балдаққа тәуелді болып жүрдім. Екі аяғымды тең қалай басып жүремін, оның бәрін менің денемде, өзімде ұмытып қалған болатынмын. Қазір екі аяққа тұрып, бұрынғыдай барлық адамдар сияқты екі аяқты тең басып жүріп, сондай жағдайға жетіп жатырмын. Адамдардың мейірімділігі болмаса, мен әлі де балдақпен, бір аяқпен инвалид болып жүретін едім. Ал енді қазір мен өзімді инвалидпін деп айта алмаймын. Сол үшін үлкен рақмет айтқым келеді көмектескен адамдардың барлығына.

Қазір ол жаңа аяқпен жүруге бейімделе бастаған. Неміс мамандары алғашқыда онымен жүруді үйретіп, бақылауында ұстапты. Енді жаңа заманауи протезбен жарты жылдан астам абайлап жүруі тиіс. Одан кейін еркін жүріп қана қоймай, жүгіре де алмақ. Қазіргі таңда бойжеткен жұмыс іздеуге кіріскен. Қоғамға пайдам тиюі тиіс деп есептейді. 

Дереккөз: "Астана" телеарнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары