$ 448.89  477.93  4.76

«Ұлан» газетінің бас редакторы Сұлтан Қалиұлы қайтыс болды

Белгілі жазушы, «Ұлан» газетінің бас редакторы Сұлтан Қалиұлы қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол еңбек жолын Жамбыл ауданы орта мектептің мұғалімдігінен бастап, Қазақ радиосының музыка, балалар редакцияларында аға редакторы, республикалық «Балдырған» журналында жауапты хатшы, «Ұлан» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған.

«Сыныққа сылтау», «Өлеңдер», «Дүрбі», «Қасиетті тақия», «Сәлем саған, мектебім», «Кішкентай астрономдар», «Теміртесер», «Бақыт деген не?», «Мен мектепке барамын», «Әйт, шу, тұлпарым» және т.б. көптеген жинақтары шықты.

Марқұмның туған-туыстарына ҚР Мәдениет және спорт министрі көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары